Лиз Трасс Тайваньға іс-сапармен барды

414

Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Лиз Трасс Тайваньға сейсенбі күні кешке келді.  

Лиз Трасс Тайваньға іс-сапармен барды Фото: img4.eadaily.com

Аралдың орталық ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Британ кабинетінің бұрынғы басшысы 1996 жылдан бері аралға алғаш аяқ басты, деп жазады inbusiness.kz.

Трасс аралға британ Парламентінің Қауымдар палатасының депутаты мәртебесінде келді. Тайбэй әуежайында оны Тайваньның сыртқы саясат департаментінің басшысы Джозеф У (қытайша атауы — У Чжаос) қарсы алды. Трасс аралға көптен бері барғысы келгенін айтып, бірақ үкіметтегі жұмыстың көптігінен іс-сапар ұйымдастыру мүмкін болмағанын жеткізді.

Агенттік атап өткендей, сапар барысында Трасс лауазымды тұлғалармен, сондай-ақ іскер және ғылыми топтардың өкілдерімен кездесулер өткізеді. Сонымен қатар, ол Тайвань билігі қаржыландырған Prospect Foundation талдау орталығының іс-шарасында сөз сөйлейді — сәуірде бұл ұйымды Бейжің санкциялар тізіміне енгізді.

Аралдың сыртқы саяси ведомствосының хабарламасына сәйкес, Трасс бағдарламасында оның Тайвань әкімшілігінің басшысы Цай Инвэнмен кездесуі жайлы көрсетілмеген. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу