Лондонда қазан айында екінші Қазақстан-Британ инвестициялық форумы өтеді

824

Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов Ұлыбритания Премьер-министрінің Қазақстан бойынша сауда уәкілі Баронесса Эмма Николсонмен кездесті.

Лондонда қазан айында екінші Қазақстан-Британ инвестициялық форумы өтеді

Нұр-Сұлтанда Ұлыбританиямен сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтудің қазіргі жағдайы мен перспективалары талқыланды, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.

Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов Ұлыбритания Премьер-министрінің Қазақстан бойынша сауда уәкілі Баронесса Эмма Николсонмен кездесті.

Пікір алмасу барысында тараптар шетелдік инвесторлардың құқықтарын қорғаудың өзекті мәселелерін, сондай-ақ Екінші қазақстан-британ инвестициялық форумын өткізу бойынша дайындық мәселелерін талқылады. Бұл іс-шара биылғы жылдың қазан айында Лондонда жоспарланған.

Жалпы, кездесу қорытындысы бойынша тараптар талқыланған мәселелердің кең ауқымды кешені бойынша өзара түсіністікке қол жеткізіп, екіжақты қарым-қатынастардың барлық спектрі бойынша стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға деген нық ұмтылысын растады.

Айта кетсек, Ұлыбритания Қазақстанның ірі инвесторларының бестігінде. 2005-2018 жылдар аралығында Ұлыбританиядан жалпы тікелей инвестициялар көлемі 13,3 млрд АҚШ долларын құрады. Қазақстанда британдық қатысуымен 860-тан астам заңды тұлға, филиал мен өкілдіктер тіркелген, олардың ішінде 500-ден астамы белсенді қызмет атқаруда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу