Лукашенко Таяу Шығыс пен Африкаға ұшады

407

Беларусь президенті Александр Лукашенко алдағы күндері Африка мен Таяу Шығыс елдеріне іс-сапармен барады. 

Лукашенко Таяу Шығыс пен Африкаға ұшады Фото: media.slovoidilo.ua

Бұл туралы Беларусь көшбасшысының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

"Біріккен Араб Әмірліктері басшылығы мен Зимбабве президентінің шақыруымен Беларусь мемлекетінің басшысы алдағы күндері осы елдерге сапармен барады. Сапар барысында Беларусь президентімен бірқатар кездесулер мен келіссөздер жоспарланған", - делінген хабарламада.

Беларусь ЕО елдері мен АҚШ тарапынан қатаң санкциялық қысымға ұшырағанын еске саламыз, сондықтан Минск Батыстың тікелей ықпал ету аймағынан тыс елдермен ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктерін іздейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу