Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне жаңа жетекші тағайындалды

533

Мөлдір Әбдуәлиева Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз хатшысы қызметіне тағайындалды.

 Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне жаңа жетекші тағайындалды Фото: inbusiness.kz

Бұған дейін ол ҚР Білім және ғылым министрлігі мен ҚР Оқу-ағарту баспасөз қызметін басқарған, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР МСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Ол 2015 жылғы мамырдан 2018 жылғы мамырға дейін "Еуразия" бірінші арнасы республикалық телеарнасының продюсері болып жұмыс істеді.

2018 жылдың мамырынан 2021 жылдың мамырына дейін Atameken Business республикалық телеарнасының журналисі, жүргізушісі болды. 

1994 жылы Астана қаласында (Ақмола) дүниеге келген.

Қазақ, орыс, түрік және ағылшын тілдерін жетік меңгерген.

ҚР Президенті атындағы "Ақпарат саласының үздігі", "Құрмет грамотасы" мемлекеттік марапаттарының иесі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу