Мақаншы ауданына жаңа әкім тағайындалды

381

Мақаншы - жаңадан құрылған аудан.    

Мақаншы ауданына жаңа әкім тағайындалды Фото: Мақаншы аудандық әкімдігі

ҚР Президенті Әкімшілігінің және Мақаншы ауданы мәслихатының келісімен, Абай облысы әкімінің өкімімен Қойгелдин Дәурен Бақытжанұлы Мақаншы ауданының әкімі болып тағайындалды, деп жазады inbusiness.kz.

Дәурен Бақытжанұлы 1984 жылғы 23 қыркүйекте Алматы қаласында дүниеге келген. 2005 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын "Құқықтану" мамандығы бойынша, 2010 жылы Қазақ қаржы-экономикалық академиясын "Қаржы" мамандығы бойынша, 2011 жылы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында оқу бітірген.

Әр жылдары Көкпекті аудандық мәслихатының аппаратында түрлі лауазымдарда болды. 2011 жылдан бастап 2018 жылға дейін Қ.Аухадиев атындағы ауылдық округінің әкімі болып жұмыс істеген.

Қазіргі лауазымға дейін Көкпекті ауданы әкімінің орынбасары болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу