Макроэкономикалық көрсеткіштер мен бюджет параметрлеріне өзгеріс енгізіліп жатыр

1359

Жалпы ішкі өнімнің нақты өсіміне болжам жасалды. 

Макроэкономикалық көрсеткіштер мен бюджет параметрлеріне өзгеріс енгізіліп жатыр

Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов осылай деді. 

"Биыл әлемдік экономиканың өсімі халықаралық ұйымдардың консенсус болжамы бойынша 5% төмендейді. Ал 2021 жылы қалпына келу, өсу болады. 
Халықаралық ұйымдар Қазақстан экономикасының биылғы нақты өсімі - 2,3%, - 2% аралығын құрайды деп отыр. Келесі жылы тұрақты өсім тіркелуге тиіс", – деді Руслан Дәленов. 

Оның сөзінше, ұлттық экономика министрлігі биыл Қазақстанның нақты жалпы ішкі өнімнің өсімі -2,1% құрайды деген болжам жасап отыр.  

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу