Маңғыстаулық делегация БАӘ-де маңызды 4 меморандумға қол қойды

699

Маңғыстаулық делегация БАӘ-де маңызды 4 меморандумға қол қойды

Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов бастаған делегация БАӘ-ге жұмыс сапарымен барды. БАӘ инвесторларымен іскерлік кездесулер нәтижесінде 35 қабатты көпфункционалды кешен, логистикалық және индустриялық парк құрылысы, жаңа Fly Dubai әуе желісінің ашылуы, "Каспий" ӘКК мен Абу-Даби өнеркәсіп палатасы арасындағы ынтымақтастық туралы құжаттарға қол қойылды деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Бірінші меморандум – Маңғыстау облысының әкімдігі мен Abu Dhabi Investment Authority егеменді қоры арасында "Көп қабатты көпфункционалды кешен құрылысы" жобасын жүзеге асыру бойынша өзара ынтымақтастық туралы келісім. Ақтау қаласында тұрғын үй кешені, бизнес орталықтар мен қонақ үйді қамтитын 35 қабатты ғимарат салынады. Құжатта көрсетілгендей, құрылыс жобасындағы жұмыстар цифрлық технология элементтерін енгізу арқылы жүзеге асырылады. Бұл жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтуға көмектеседі. Аталмыш жобаны жүзеге асыру үшін қазақстандық құрылыс компаниялары мен құрылыс материалдарын өндірушілер де тартылады.

Екінші келіссөз "Каспий" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" Ұлттық компаниясы" АҚ мен Абу-Даби сауда-өнеркәсіп палатасы арасында инвестициялық және іскерлік ынтымақтастықты нығайту бойынша өтті. Тараптар екі елдің кәсіпкерлері арасында тікелей байланыстар орнатуға келісті және бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады. Сондай-ақ, экономикалық әртараптандыру арқылы өңірдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында, Маңғыстау облысына шетел инвестицияларын, жаңа технологиялар мен ресурстарды тарту жоспарланып отыр.

Ақтау әуежайы мен "Fly Dubai" авиакомпаниясы арасында үшінші меморандумға қол қойылды.Құжатта Маңғыстау облысы мен Дубай қаласы арасында байланыс орнату және дамыту үшін қолайлы жағдай жасау көрсетілген. Fly Dubai 2018 жылдың қазан айынан бастап 2018/2019 маусымына жоспарланған жаңа Дубай-Ақтау-Дубай рейсін ашады. "Ақтау халықаралық әуежайы" АҚ тиісті әуежай мен жердегі қызметтерді ұйымдастыруға, сондай-ақ тиімді баға саясатына қолдау көрсетеді.

Төртінші меморандумға "Ақтау теңіз порты" АЭА басқармасының төрағасы Бауыржан Қайратов пен PBP Holdings LTD өкілі Марк Ронг қол қойды. Құжатта 60 гектар аумағы бар логистикалық және индустриялық парктің құрылысы және 50 млн АҚШ доллары көлеміндегі инвестиция тарту туралы жазылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу