Марқұм Шерзаттың үйін кім өртеген?

676

Бұл дерек бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр. 

Марқұм Шерзаттың үйін кім өртеген? Фото: zhogargy sot

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов марқұм Шерзат Полаттың үйінің өртенуіне қатысты іс бойынша сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Бұл іс арнайы прокурордың өндірісінде тұр. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оған қатысты пікір білдіре алмаймын. Бұл істі бақылауда ұстап отырмыз", – деді министр Мәжіліс кулуарында.

ІІМ басшысы Шерзаттың ағасы Нұрғанат Ғайыпбаевтың "өзін-өзі өлтіру дерегі" бойынша іс тергеліп жатқанын айтты.

Айта кету керек, бұған дейін Шерзат Полаттың өліміне кінәлілер сотталғанын жазған едік. Шерзат ісі бойынша сот үкімі шыққандарға рақымшылық жасала ма деген мәселені де көтергенбіз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу