Медициналық бұйымдарды тіркеу мерзімі 2025 жылдың соңына дейін ұзартылды

297

Бүгін Сенат кезекті отырыста 2014 жылғы 23 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде медициналық бұйымдар айналысының бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялады.

Медициналық бұйымдарды тіркеу мерзімі 2025 жылдың соңына дейін ұзартылды Фото: canva.com

Заңда ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің ұлттық заңнамасына сәйкес медициналық бұйымды сараптау немесе тіркеу туралы өтініштер беру мерзімдерін 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзарту көзделген, деп жазады inbusiness.kz cайты.

Заңның мақсаты — 2014 жылғы 23 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде медициналық бұйымдар (медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника) айналысының бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы 
2023 жылғы 13 ақпанда Мәскеу қаласында қол қойылған хаттаманы ратификациялау.

Хаттама Еуразиялық экономикалық одаққа (бұдан әрі – ЕАЭО) мүше мемлекеттер денсаулық сақтау жүйесінің медициналық бұйымдарға тапшылығының туындау қаупін болдырмай, оларға деген қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін жағдай жасауға бағытталған.

Заңда ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің ұлттық заңнамасына сәйкес медициналық бұйымды сараптау немесе тіркеу туралы өтініштер беру мерзімдерін 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзарту көзделген. 

Заңды қабылдаудан күтілетін нәтиже — ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер арасында денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты нығайту және медициналық бұйымдардың неғұрлым тиімді ортақ нарығын қалыптастыру.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу