Мексикада жыл басынан бері 14 журналист өлтірілді

554

2000 жылдан бері бұл елде өлтірілген журналистердің саны 150-ден асты.

Мексикада жыл басынан бері 14 журналист өлтірілді

Мексикада жыл басынан бері өлтірілген журналистердің саны 14-ке жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Соңғысы – Хуан Аржон Лопез есімді журналист. Оның мәйіті елдің солтүстігіндегі Сонора штатында табылды.

Клаудия штатының Бас прокуроры Индира Контрерас Кордова A Que Le Temes порталының тілшісі Лопес 9 тамыздан бері табылмағанын хабарлады. Оның әріптестері мен отбасы мүшелері соңғы мәрте оны 8 тамызда көргенін айтты.

Мексикада БАҚ өкілдеріне қарсы зорлық-зомбылық толқыны басылмай тұр. 10 қаңтарда журналист Хосе Луис Гамбоа Веракрус штатында өлі күйінде табылды. Адам құқығы жөніндегі ұйымдар "ел президенті Андрес Мануэль Лопес Обрадор журналистерге қысым жасауда" деп айыптап отыр. 

"Шекарасыз репортерлар" ұйымының (RSF) мәліметі бойынша, 2000 жылдан бері бұл елде өлтірілген журналистердің саны 150-ден асты.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу