"Мектепті биыл бітірген": Ақтөбедегі жол апатына қатысты тың дерек шықты

371

Жол апатынан зардап шеккендер - бір отбасының адамдары. 28 жастағы әкенің жанында 1 және 3 жастағы балалары болған. 

"Мектепті биыл бітірген": Ақтөбедегі жол апатына қатысты тың дерек шықты Фото: polisia.kz

Көлікті тізгіндеген  жасөспірімнің жүршізуші куәлігі де жоқ. Ол ВАЗ-21140 автокөлігінде  жолдан өтіп бара жатқан 28 жастағы жаяу жүргінші мен екі кәмелетке толмағанды қағып кетті. 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылардың айтуынша, балалардың әкесі ауыр бас ми жарақатын алып, көп қан кеткен. Қазір дәрігерлер бақылауында.

Көлік жүргізушісі биыл мектеп бітірген.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ақтөбе облысында кәмелетке толмаған бала 3 адамды қағып   кетіп, салдарынан 3 жасар бала көз жұмғанын хабарлаған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу