Мемлекет басшысы Бразилиядағы ұшақ апатына байланысты көңіл айтты

933

Мемлекет басшысы Бразилиядағы ұшақ апатына байланысты көңіл айтты

Қазақстан Президенті Бразилия Федеративтік Республикасының Президенті Мишел Темерге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Жеделхатта Колумбия Республикасының әуе кеңістігінде болған ұшақ апаты салдарынан Бразилия азаматтарының қаза болғаны туралы хабарды Нұрсұлтан Назарбаевтың зор күйзеліспен қабылдағаны айтылған.

"Қаза болғандардың туыстары мен жақындарына, сондай-ақ барша Бразилия халқына ауыр қайғыларына ортақтасып, Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтамын", – делінген жеделхатта.

Мемлекет басшысы зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектестік білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу