Мемлекет басшысының тапсыруынан соң Ленгірдегі мәселе шұғыл шешілді

800

Ленгір қаласындағы көппәтерлі үйдің тұрғындары жертөледен үнемі кәріз қалдықтарының иісі шығып тұратындығына шағымданған. 

Мемлекет басшысының тапсыруынан соң Ленгірдегі мәселе шұғыл шешілді

Мемлекет басшысының премьер-министр мен Түркістан облысының әкіміне берген тапсырмасы лезде орындалды. Бұл туралы өңір әкімі Фейсбуктегі парақшасында жазды.

"ҚР Президенті Қ. Тоқаев Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында Түркістан облысы, Төлеби ауданы, Леңгір қаласындағы көппәтерлі үйдің тұрғындары жертөледен үнемі кәріз қалдықтарының иісі шығып тұратындығы жөнінде шағымданған 31 телеарнасының сюжетін жариялаған болатын. Араға 2 сағат салып, Президент тапсырмасы бойынша Ленгір қаласындағы №25Б тұрғын үйінің бұл мәселесі жедел шешімін тапты. Кәріздік септик тазартылып, үйдің жертөле бөлмесіне дезинфекция жүргізілді", – деп жазды Өмірзақ Шөкеев әлеуметтік желіде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу