Мемлекеттік БАҚ басшылары тапсырмалардың орындалу сапасына жауапты болады

180

Бұл шара Жоғары аудиторлық палатаның ұсынымы бойынша қабылданды.  

Мемлекеттік БАҚ басшылары тапсырмалардың орындалу сапасына жауапты болады Фото: tkt1957.com

"Ақпараттық" квазимемлекеттік компаниялардың басшылары мемлекеттік тапсырмалардың орындалуы сапасына жауапты болады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстанда ақпарат саласындағы квазимемлекеттік сектор субъектілері басшыларының мемлекеттік тапсырманы орындау шарттарында белгіленген тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізбегені үшін жауаптылығы енгізілді.

Мемлекеттік ақпараттық саясатқа жүргізілген аудит барысында Бюджет кодексінде тиісті квазимемлекеттік компаниялар басшыларының мемлекеттік тапсырмаларды орындау шарттарында белгіленген тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізбегені үшін жауаптылығын көздейтін нормалар жоқ екені анықталды.

Мемлекеттік тапсырма – елдің тұрақтылығы мен әлеуметтік-мәдени дамуын қамтамасыз етуге бағытталған ақпараттық саясаттың маңызды тетігі. Атап айтқанда, оның көмегімен азаматтар мемлекеттік органдардың қызметінен, маңызды республикалық жобалар мен бағдарламалардан хабардар болады.

Осыған байланысты Жоғары аудиторлық палата Үкіметке заңнамаға қажетті өзгерістер енгізу мүмкіндігін қарауды ұсынды.

Нәтижесінде Мемлекет басшысы 15 наурызда қол қойған жаңа Бюджет кодексінде квазимемлекеттік сектор субъектілері басшыларының жауаптылығын бекітетін норма көзделді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу