Мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне қандай жаңашылдықтар енгізіледі

544

Биылғы жылдың 1 шілдесінен бастап мемлекеттік сатып алудың жаңа тәсілдері енгізіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне қандай жаңашылдықтар енгізіледі

Олардың бірі-рейтингтік-балдық жүйе қолданылатын конкурс. Бұл тәсіл мемлекеттік сатып алу процесіне адамның қатысуын толығымен алып тастауды көздейді және конкурстық комиссиясыз жүзеге асырылады. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбейіл осылай деп мәлімдеді.

Оның айтуынша веб-портал тапсырысты орындаушыларға автоматты түрде тиісті баллдар береді. Мысалы, беделділері үшін тиісті оң баға автоматты түрде есептеледі. Беделі нашар компанияға теріс баға беріледі. 

"Осылайша, ең көп баллдардың негізінде мемлекеттік сатып алу веб-порталы автоматты түрде конкурс жеңімпазын анықтайды. Бұл баға мен сапа талаптарын біріктіре отырып, тапсырысты орындаушыларды автоматты таңдауға көшуге мүмкіндік береді. Сапалы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу мақсатында 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап сатып алудың жаңа тәсілі енгізіледі. Оны жүзеге асыру кезінде орындаушыны таңдау сатып алу бағасының негізінде емес, тауардың бүкіл қызмет ету мерзімінің құны негізге алынады. Бұл тәсіл сапалы және инновациялық өнімдерді сатып алуға ынталандырады. Жеткізушіні төмен баға бойынша және қызмет ету уақыты бойынша таңдау жасайды", – деп атап өтті спикер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу