Мемлекеттік сатып алудағы жемқорлықты жеңу мүмкін бе?

509

Мемлекеттік сатып алуларды жайлаған жемқорлықты жеңуге болады. Ол үшін тапсырыс беруші мен жеткізуші арасындағы тікелей байланысты жою керек. 

Мемлекеттік сатып алудағы жемқорлықты жеңу мүмкін бе?

Бұл туралы қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбейіл мәлімдеді. Мұны тек цифрландыру арқылы жасауға болады. Былтыр 1-ші шілдеден бастап мемлекеттік сатып алуларға рейтингтік балдық жүйе енгізілген. Оның басты айырмашылығы  ешқандай конкурстық комиссияның жоқтығында.  Яғни, әлеуетті жеткізуші туралы деректер электронды базалардан өздігінен алынып, жеңімпаз автоматты түрде анықталады. Осылайша адами фактор жойылады. Рейтингтік балдық жүйе әзірге мемлекеттік сатып алудың 2 түріне ғана енгізіліпті. Олар құрылыс-монтаждау және жобалау жұмыстары.

"Конкурстық комиссияларды мүлде алып тастауға мүмкіндік бар. Бірден көше алмаймыз.  Ең басты бізге қажетті нәрсе  әлеуетті жеткізуші туралы деректер. Қазір екі жерден деректерді алып жатырмыз. Ол жұмыс өтілі және салық органдарынан анықтама. Осы дереккөздерді мейілінше көбейту. Яғни, ол бірінші кредиттік бюро, азаматтарға арналған үкімет және т.б. Келесі жылы жаңа заң қабылданғаннан бастап максималды түрде сатып алуларды осы жүйеге көшіреміз", дейді  ҚР Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбейіл.

Мемлекеттік сатып алулар бойынша 632 млрд теңге үнемделген

"Мемлекеттік сатып алу туралы" жаңа Заң әзірленіп жатыр. Бүгінде құжат қоғамдық талқылаудан өтуде. Порталда 100 мыңнан астам өнім беруші және 24 мыңнан астам тапсырыс беруші тіркелген. Өткен жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік сатып алу көлемі 6 трлн теңгеге жуықтады. Ал үнемделген қаржы 632 млрд. теңге. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу