Мемлекеттік сатып алулар жаңа өлшемшарттармен жүргізілетін болады

334

Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына өзгерістер енгізілді. Жаңа өлшемшарттар осы жылғы 22 наурыздан бастап жарияланған мемлекеттік сатып алуларға қолданылатын болады. 

Мемлекеттік сатып алулар жаңа өлшемшарттармен жүргізілетін болады Фото: dknews.kz

Шартты жеңілдіктерді есептеу кезінде аумақтық белгі мен теріс мәндер түріндегі конкурстық баға ұсынысына әсер ететін қосымша өлшемшарттар ескеріледі. Бұл ретте жұмыстарды орындау аумағында тіркелген өнім берушіге 1% мөлшерінде шартты жеңілдік берілетін болады, деп жазады inbusiness.kz Қаржы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Аумақтық белгі техникалық-экономикалық негіздемені, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу және ведомстводан тыс кешенді сараптама жөніндегі жұмыстарды қоспағанда, құрылыспен байланысты емес жұмыстар және құрылыс-монтаждау жұмыстары бойынша 400 мың АЕК-ке дейінгі мемлекеттік сатып алуға қолданылатын болады. Бұл өлшемшарт шағын және орта бизнесті дамытуға және қолдауға, сондай-ақ тиісті өңірде салық түсімдерін ұлғайтуға ықпал етеді", - делінген хабарламада.

Ақпаратқа сәйкес, биылғы қаржы жылында жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарты бар әлеуетті өнім берушіден әрбір шарт үшін жалпы шартты жеңілдіктің 0,1% алынатын болады.

"Теріс мәндер құрылыс-монтаждау жұмыстарына, ведомстводан тыс кешенді сараптама, ТЭН, ЖСҚ әзірлеу жөніндегі жұмыстарына және инжинирингтік қызметтерге қолданылады. Бұл жаңашылдықтар құрылыс нарығын монополиясыздандыруға және бәсекелестікті дамытуға мүмкіндік береді", - делінген министрлік таратқан мәліметте

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу