banner

"Мен біреудің проектісі болғым келмейді" - Нұрлан имам

2197

Әлеуметтік желілер арқылы заманауи бағыттағы уағыздарымен жұртқа жаққан дінтанушы, имам Нұрлан Байжігітұлы қазір үй-күйсіз жүр, деп жазады inbusiness.kz Caravan.kz медиа порталына сілтеме жасап. 

"Мен біреудің проектісі болғым келмейді" - Нұрлан имам Фото: Жайық Пресс

"Көпбалалы әкесіз. Естуімше, 7 балаңыз бар. Көп баланы асырау оңай емес. Бала-шағаны қалай асырап жатырсыз? Бір айлықпен қалай жеткізесіз?" - деген сұрақ қойған екен желі қолданушылардың бірі.

Ел бар, халық бар. Халық молданы асыраған. Үйім жоқ. Бала-шағаммен мешіттің ішінде тұрамын. Балаларым сабақты қоғамдық көлікпен қатынап оқиды.

Үй беремін дегендер болды. Оны қабыл алмадым. Себебі оның арғы жағында мүдде бар. Мен біреудің проектісі болғым келмейді", - деп жауап берген Нұрлан Байжігітұлы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу