Мирзиёев Путиннің резиденциясына шабуыл жасау әрекетін айыптады

368

Екі ел басшылары халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша да пікір алмасқан.  

Мирзиёев Путиннің резиденциясына шабуыл жасау әрекетін айыптады Фото: «Проект»

30 желтоқсан күні Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев пен Ресей президенті Владимир Путин телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Өзбекстан басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өзбекстан президенті Ресей басшысының Новгород облысындағы резиденциясына шабуыл жасау әрекетін айыптағаны айтылған.

"Мұндай әрекеттердің тұрақтылық пен қауіпсіздікке, соның ішінде ұзақ мерзімді бейбітшілікке қол жеткізуге бағытталған күш-жігерге қауіп төндіретіні атап өтілді. Стратегиялық серіктестік пен одақтастық аясында жоғары деңгейде жасалған келісімдерді жүзеге асыру тұрғысынан екіжақты қатынастардың әрі қарай дамуы мәселелері қаралды. Сондай-ақ, тараптар халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, алдағы жоспарланған іс-шаралардың кестесін талқылады", – деп хабарлады Өзбекстан басшысының баспасөз қызметі.

Бұдан бөлек екі ел басшылары бір-бірін келе жатқан Жаңа жылмен құттықтаған.

Айта кету керек, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президентінің мемлекеттік резиденциясына шабуыл жасау әрекеттерін айыптағанын жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу