Молдовада НАТО елдерінің арнайы күштері бөлімшелерінің жаттығулары басталды

404

Ұлыбритания, Молдова, Румыния мен АҚШ армиясының арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің бірлескен әскери жаттығулары Молдова аумағындағы оқу орталықтарында басталды.  

Молдовада НАТО елдерінің арнайы күштері бөлімшелерінің жаттығулары басталды Фото: www.pnp.ru

Бұл туралы Республика Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Inbusiness.kz.

"Оқу-жаттығулар төрт елдің әскери арнайы күштері арасында тәжірибе алмасу, сондай-ақ жедел үйлесімділікті арттыру мақсатында өткізіледі. Сарбаздар ату, парашютпен секіру сабақтарын, сондай-ақ ұрыс алаңындағы әскер тәртіпке үйренетін болады", - делінген хабарламада.

Жаттығу 7 сәуірге дейін жалғасады. Молдова тұрғындарына алдын-ала ел аумағында әскери техниканың жүруі мүмкін екені ескертілді.

Молдова - Конституцияға сәйкес бейтарап мемлекет, бірақ Альянспен жеке серіктестік жоспары аясында НАТО елдерінің әскерлерімен ынтымақтасады. Елде НАТО-мен байланыс бюросы жұмыс істейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу