Мониторинг туралы ереже ЕАЭО елдеріне азық-түлік нарығын кешенді түрде бағалауға мүмкіндік береді – ЕЭК

1071

Мониторинг туралы ереже ЕАЭО елдеріне азық-түлік нарығын кешенді түрде бағалауға мүмкіндік береді – ЕЭК

Еуразиялық экономикалық комиссияның коллегиясы Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы азық-түлік нарығының мониторингі туралы ережені мақұлдады.

ЕЭК-тің айтуынша, мониторинг одақтас елдерге Одақтың азық-түлік нарығын, оның ішінде салалар бойынша кешенді бағалауға мүмкіндік береді. Отандық  және импорттық  тауарлардың арасалмағы,  әр мүше-мемлекеттің үшінші елмен өзара саудадағы рөлі, сондай-ақ  ЕАЭО ішінде кооперациялық тауар жеткізу сипаты анықталатын болады.

Мониторинг қорытындысы бойынша комиссия әлеуетті нарықты қатысушы елдерімен ұсыныстарды әзірлейді. Атап айтсақ, Одақтың бір елінде өндірілетін тауарлардың түрі анықталатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу