Mudarabah Capital ісі: Өзін өртеп жіберген келіншек алғаш рет сот алдында жауап берді

372

Қаржы пирамидасы кесірінен өзін жағып жіберген астаналық келіншек Бағила Досмайылова  алғаш рет сот алдында жауап берді.

Mudarabah Capital ісі: Өзін өртеп жіберген келіншек алғаш рет сот алдында жауап берді Фото: Stan.kz

Оның сөзінше, МудАраба Кэпитал шариғат заңдарына сүйеніп, танымал блогерлер жарнамалаған соң, сеніп қалған. Ол МудАраба Кэпитал мен Астекске құйған 20 млн теңгесін толығымен қайтарып алуды көздеп отыр. Досмайылова ақша салғаннан бастап тек 1,5 млн теңге алғанын алға тартты. Ал, өзін-өзі жағып жіберуіне сол кездегі Алматы қаласы Полиция департаменті басшысының орынбасары Рустам Әбдірахмановты кінәлады. 

Айтуынша, лауазымды тұлға тергеуге салғырттық танытқан. Зардап шегуші тергеуге көңілі толмайтынын мәлімдеді. Сөзінше, кейбір құжаттар мен дискілер жоғалған.

Еске салайық, МудАраба Кэпитал инвестиция деген желеумен жеке тұлғалардан 2 млрд теңгеге жуық ақша тартып, ізін суытқан.

Тергеуге пирамиданы жарнамалаған  вайнерлер - Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов те қатысып жатыр. Ал, зардап шеккендердің бірі Бағила Досмайылова былтыр сәуірде Астанадағы Ішкі істер министрлігінің алдында өзін өртеп жіберген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу