Мүгедектігі бар балаларға 18 жастан асқаннан кейін де жәрдемақы төленеді

1114

Бұл 1-топтағы мүмкіндігі шектеулі жандарға қарастырылған.

Мүгедектігі бар балаларға 18 жастан асқаннан кейін де жәрдемақы төленеді Фото: inbusiness.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік көмек саясатын дамыту департаментінің директоры Асқар Ниязов Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте биылғы жылғы төлемдер статистикасына тоқталды, хабарлайды inbusiness.kz.

Айтуынша 2021 жылдың 6 айында мүгедек баласы бар отбасыларға 27,2 млрд теңге көлемінде жәрдемақы аударылған.

"Мелекеттік бюджеттен мүгедектігі бар балаларды қосымша қолдау іс-шаралары қарастырылған. Кәмелеттік жасқа толғанға дейін күтім жасау үшін жәрдемақы төлеу көзделген. Жәрдемақы мөлшері бүгінгі таңда 48 023 теңгені құрап отыр. Осы жылдың 6 айының ішінде 92 259 отбасыға 27,2 млрд теңге мөлшерінде жәрдемақы төленді", – деді спикер.

Сонымен қатар Асқар Ниязов мұндай қосымша көмек бала кәмелеттік жасқа толғаннан кейін де төленетінін жеткізді. Алайда аталған жәрдемақы 1-топ мүгедеткігі бар адамдарға тағайындалады. 

"Төлем сәби кезінен 1-топтағы мүгедек балаға қарастырылады. Ол 18 жастан асқаннан кейін де аталған жәрдемақыны алады. Оның көлемі де 48 023 теңге құрайды. Бұл жәрдемақыны қазіргі уақытта 15 038 отбасы алды. Осы жылдың 6 айында төленген жәрдемақының жалпы сомасы 4,4 млрд теңге болды", – деді Әлеуметтік көмек саясатын дамыту департаментінің директоры.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу