Мұнай бағасының күрт көтерілуі табысқа бірден әсер етпейді – вице-министр

115

Оның ықпалы жарты жылдан кейін көрінуі ықтимал. 

Мұнай бағасының күрт көтерілуі табысқа бірден әсер етпейді – вице-министр Фото: Үкімет

Таяу Шығыстағы ахуалға байланысты мұнай бағасының құбылуы Қазақстанға экономикалық тұрғыдан қалай әсер етті? Энергетика вице-министрі Санжар Жаркешов осы сауалға жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұған дейін Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов әлемдік нарықта мұнай бағасы өскен сайын елімізге қосымша табыс түсетінін айтқан болатын. Вице-министр осы мәселеге қатысты пікір білдірді.

"Жалпы мұнай экспортына қатысты келісімшарттар әдетте спот-нарықта емес, орта және ұзақ мерзімді нарықта жасалады. Мұндай келісімдердің ерекшелігіне келсек, қара алтын бағасының күтпеген әрі күрт көтерілуі табысқа бірден әсер ете қоймайды. Ұлттық банк басшылығының пікірімен келісемін, оң нәтиже болады. Әлемдік тәжірибеге сүйенсек, оның әсері шамамен жарты жылдан кейін байқалады", – деді вице-министр Сенат кулуарында.

Айта кету керек, бұған дейін бензин бағасы қалай құбылуы мүмкін екенін жазғанбыз. Құзырлы орган ішкі нарықта жанармай қоры жеткілікті екенін алға тартты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу