НАТО мен Еуропалық Одақ Түркияға құтқару командасын аттандырды

544

Одаққа мүше мемлекеттердің өрт сөндірушілерінен, полиция қызметкерлері мен әскерилерінен құралған 10 құтқару командасы Түркияның жер сілкінісінен қираған аймақтарына аттанды. 

НАТО мен Еуропалық Одақ Түркияға құтқару командасын аттандырды

Зілзаладан зардап шеккендерге жедел жәрдем көрсету үшін қарт құрлықтың дәрігерлері мен медициналық құрал-жабдықтар да жеткізілмек, деп жазады inbusiness.kz Anadolu агенттігіне сілтеме жасап. 

Сондай-ақ Еуропалық комиссия Анадолы еліне өзінің "Copernicus" деп аталатын спутниктік желісін ұсынды. Желі төтенше аймақтардың картасын жасауға таптырмас көмек. 

Айта кетейік, дәл осындай қолдауды Еуропалық одаққа мүше елдер Сирия үкіметіне де ұсынып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу