Наурыз айында елімізде ет бағасы қымбаттады

524

Қой мен ірі қара мал – 0,4%-ға, жылқы – 0,3%-ға қымбаттады.

Наурыз айында елімізде ет бағасы қымбаттады Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы inbusiness.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап хабарлайды.

Наурыз айында ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілердің баға индексі – 99,1%, өсімдік шаруашылығы – 98,8%, мал шаруашылығы – 99,9% құрады. 

Өсімдік шаруашылығынан жылыжай қияры – 19,7%-ға, бидай – 2%-ға, картоп, мал азықтық дақылдар – 1,1%-ға, тары – 0,6%-ға, кептірілген жасымық – 0,4%-ға баға төмендеді. Жылыжай қызанақтарының өндіруші бағасы 3,1%-ға, ас қызылшасы мен сұлы 0,4%-ға өсті. 

Мал санатында наурызда өндіруші баға құс еті 4,1%-ға, шошқа 1,4%-ға төмендеді. Жұмыртқа 3,5%-ға, шикі сүт – 1%-ға, қой мен ірі қара мал – 0,4%-ға, жылқы – 0,3%-ға өсті. 

Наурыз айында мал шаруашылығы санатында өндірушілердің бағасы құс етіне – 4,1%-ға, шошқаға – 1,4%-ға төмендеді. Жұмыртқа – 3,5%-ға, шикі сүт – 1%-ға, қой мен ірі қара мал – 0,4%-ға, жылқы – 0,3%-ға қымбаттады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу