Назарбаевтың немересінің компаниясы 2022 жылы 11 млрд теңге шығынға батты

509

Астанада 27 шілдеде "Транстелеком" компаниясы акционерлерінің жиналысы өтті. 

Назарбаевтың немересінің компаниясы 2022 жылы 11 млрд теңге шығынға батты Фото: gov.kz

Өткен жылғы дивидендтер бөлінбейтін болды, себебі қаржылық есепке сәйкес, компания 11 млрд теңге шығынға батқан, деп жазады Inbusiness.kz.

 "Транстелеком" компаниясы акционерлерінің жиналысында жаңа төраға болып экс-президенттің немересі Нұралы Әлиев сайланды. Директорлар кеңесіне Әнуар Ахметжанов (ҚТЖ мүдделерінің өкілі), Эльдар Ғұмаров (UNIT Telecom), Дмитрий Покупателев (UNIT Telecom), Берік Өтемұрат (тәуелсіз директор), Вячеслав Аниховский (тәуелсіз директор), Қалымжан Ибраимов (тәуелсіз директор) кірді. Бұл құрамда олар келесі үш жыл жұмыс істейді. Орындардың дәл осылай бөлінуіне акциялардың тек 25%-ы ұлттық теміржол операторына тиесілі екендігі әсер етті.

Өткен жылғы дивидендтер бөлінбейтін болды, себебі қаржылық есепке сәйкес, компания 11 млрд теңге шығынға батқан

2021 жылы дивидендтер төленбегені тағы бар. 2022 жылғы 13 қаңтарда "Транстелеком" 2016, 2017 және 2018 жылдары жай акциялар бойынша дивидендтер төледі. Сома 2,4 млрд теңгені құрады. Сонымен қатар, сегіз адамнан тұратын Топ-менеджмент 560 млн теңге көлемінде өтемақы алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу