banner

Несиесі өтелуге жататын 507 мың адам айқындалды

1869

Талап бойынша жалпы берешек 3 млн теңгеден аспауы керек. 

 Несиесі өтелуге жататын 507 мың адам айқындалды

Қазіргі таңда несиелік бюроға 2 млн 289 мың адамның жеке мәліметтері берілген. Тізім тапсырылғаннан кейін, несиелік бюро тізімді екінші деңгейлі банктердің мәліметтерімен салыстырып, аталған тұлғалардың несиелерін анықтаған, деп хабарлайды Atameken Business.

Талап бойынша жалпы берешек 3 млн теңгеден аспауы керек. Проблемалық несиелер қоры осыдан кейін екінші деңгейлі банктермен келісімге келген.

"Бүгінгі таңда несиесі өтелуге жататын 507 мың адам айқындалды. Десе де, сұрақтар әлі көптеп түсіп жатыр. Мәселен, отбасындағы 2 адам несиелерінің біріккен сомасы 3 млн теңгеден аспаса, онда олардың да несиелік берешегі өтеуге жатады. Аталған жағдайда бір отбасының 600 мың теңгеге дейінгі несиелік қарызы жабылады",– дейді ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу