Мұны Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Биыл 12 қаңтарда Шымкентте 21 жастағы қызды пышақтап өлтірген адамның кім екені анықталған еді.
Бүгін Мәжіліс кулуарында БАҚ өкілдері ІІМ өкіліне қызды алып қашу ісіне қатысты бірнеше сұрақты жаудырды.
– Жәбірленуші тараптың Нұрайды күдіктінің үйіне алып қашып кеткен кезде жанында болған адамдардың қылмысқа қатысы бар-жоғын тексеру туралы өтініші бар. Бұдан басқа да бірнеше фактіні қазір тексеріп жатырмыз, – деді Санжар Әділов.
Бұған дейін Нұрай Серікбай ісіндегі күдікті психоорталыққа жатқызылғанын хабарладық.
Бір апта бұрын ғана осы істегі күдіктіге жасалған сараптама қорытындысы шыққан еді.