Нұралхан Көшеров Түркістан облысы әкімінің орынбасары болды

566

Түркістан облысы әкімінің орынбасары болып Көшеров Нұралхан Оралбайұлы тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz Түркістан облысының әкімдігіне сілтеме жасап.  

Нұралхан Көшеров Түркістан облысы әкімінің орынбасары болды Фото: gov.kz

Нұралхан Көшеров 1984 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген.

Білімі - жоғары.

М.Әуезов атындағы Оңтүстік-Қазақстан Мемлекеттік университеті, Қазақ Гуманитарлық заң университеті, Мәскеудегі Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет академиясы жоғары білім беретін мемлекеттік бюджеттік білім беру мекемесінде білім алған.

  • Еңбек жолын 2008 жылы ҚР Парламенті Мәжілісі депутатының көмекшісі болып бастады.
  • 2009-2011 жылдары Қаржы министрлігінің Салық комитетінде талдаушы, Астана қаласы Салық департаментінің Алмалы ауданы бойынша салық басқармасының заңды тұлғалардың салық аудиті бөлімінің бас маманы болып еңбек етті.
  • 2010-2014 жылдар аралығында Астана қаласының Салық департаменті Есіл ауданының салық басқармасы бастығының орынбасары қызметін атқарды.
  • 2014 жылдан 2015 жылға дейін Астана қаласы Есіл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының бастығы, Қаржы министрлігі Салық комитетінің Астана қаласы бойынша Салық департаменті басшысының орынбасары болды.
  • 2015-2018 жылдары Шымкент қаласы әкімінің орынбасары, 2018-2021 жылдары ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Ақтау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы, ҚР Қаржы министрігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы лауызымдарын еңбек етті.
  • 2021 жылдан бері Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы қызметін атқарып келді.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу