Нұрсұлтан Назарбаев: Путин халқын алға тартып келеді

777

Нұрсұлтан Назарбаев: Путин халқын алға тартып келеді

Мемлекет басшысы Ресейде өтетін сайлаудың Қазақстанға ықпалы турасында пікірін айтты, деп хабарлайды egemen.kz.

Нұрсұлтан Назарбаев Ресейдің сауда-экономикалық мақсаттағы жақын көршісі екендігіне тоқталды.

"Ресей біздің жақын көршіміз әрі экономикалық байланыстар тұрғысынан әріптесіміз. Ортақ тарихымыз бар. Сондықтан болашақта да жақын бола түсеміз, жекелей қатынастарда өзара кеңес алысып-берісеміз. Ортақ сұрақтарды шешуде ортақ тапсырмалар бар. Сайлауда Владимир Путинге табыс тілеймін әрі осы сайлаудың фавориті деп ойлаймын. Қыспақ үстіндегі Ресей үшін бұл дұрыс та. Мемлекет қайраткері әрі ел президенті ретінде Путин халқын алға тартып келеді", - деді Нұрсұлтан Назарбаев жыл қорытындысы бойынша журналистерге берген сұхбатында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу