ОҚО-да "Ońtústik ónimi" байқауы басталды

817

ОҚО-да "Ońtústik ónimi" байқауы басталды

Оңтүстік Қазақстан облысында "Ońtústik ónimi" байқауы басталды. Байқаудың мақсаты - Оңтүстіктің төл өнімдерін көрсетіп, насихаттау. Бұл туралы облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Бақыт Ахымбетов мәлім етті, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Оның айтуынша, байқауға кез келген әлеуметтік желі қолданушылары, журналистер мен блогерлер қатыса алады. Байқауға қатысу туралы өтінімді 2018 жылғы 15 наурызға дейін oko-ato@mail.ru электронды поштасына жолдау қажет. Әлеуметтік желідегі Facebook, Вконтакте, Instagram парақшаларының бірінде ОҚО-дағы өндіріс орындары туралы пост жариялануы керек. Сондай-ақ, байқауға қатысушы мекеме басшылығымен фотоға түсуге тиіс.

"Байқаудың бас жүлдегері 300 000 теңгені иеленсе, 1 орынға - 200 000 теңге, 2 орынға - 150 000 теңге, 3 орынға 100 000 теңге беріледі. Сондай-ақ, ынталандыру сыйлықтары бар. Байқаудың қорытындысы 2018 жылдың маусым айының үшінші онкүндігінде жарияланады. Бұл жобаға қатысушы өндіріс басшылығымен қысқаша сұхбат ұйымдастырып, өндіріс туралы кемінде 4 фотодан тұратын фоторепортаж және өндіріс жайлы толыққанды ақпарат берілу керек. Жалпы пост 500 символдан кем болмауы қажет. Әрбір қатысушы кемінде 25 жариялым жасайды", - деді Бақыт Сəрсенбайұлы.

Сонымен қатар, міндетті түрде жарияланымдар Facebook әлеуметтік желісіндегі "Оңтүстіктен не хабар" тобында "#Оңтүстікөнімі" хэштегімен жариялануы тиіс. Мәтіндік материалды "Оңтүстік өнімі..." сөздерімен басталып, байқау атауы мен логотипі пайдаланылады.

Айта кетерлігі, байқауға 2018 жылдың 27 ақпанынан 15 маусымға дейінгі жарияланған материалдар қабылданады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу