ОҚО-да 700 млрд теңгеден астам өнеркәсіп өнімі өндірілді

951

ОҚО-да 700 млрд теңгеден астам өнеркәсіп өнімі өндірілді

Оңтүстік Қазақстан облысында осы жылдың 11 айында өнеркәсіп кәсіпорындарымен 710,6 млрд теңгенің өнімі өндірілді. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 113,8 млрд теңгеге артық.  Осы көрсеткішпен облыс республика бойынша  4-орынды иеленіп отыр.

Өндірілген өнімдердің ішінде кен өндіру 208,3 млрд. теңгенің, өңдеу өнеркәсібінде 437,8 млрд теңгенің өнімі өндірілсе, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау саласында 52,7 млрд теңгенің, ал сумен жабдықтау   бойынша 11,8 млрд теңгенің өнімі өндірілді, деп мәлім етті облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, өңірде Индустрияландыру карта аясында жалпы құны 227,9 млрд теңге болатын 150 жоба іске қосылды. Нәтижесінде 13,2 мың жаңа жұмыс орны ашылды. Ал 2016 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Индустрияландыру картасындағы жобалармен 99,5 млрд теңгенің өнімі шығарылса, өнеркәсіптің 90 пайыздан астамы жобалық қуаттылықты игерген.

Сондай-ақ, 2010-2016 жылдары Индустрияландыру картасы аясында іске қосылған жобалармен 280 млрд теңгеден астам өнім шығарылған.

Өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыру, шағын және орта бизнестің дамуына қолайлы жағдай жасау мақсатында облыстың барлық аудан, қалаларында 11 индустриялды аймақ құрылуда.

Нәтижелі жұмыстың арқасында 2010 жылы елімізде ең алғашқы болып құрылған  "Оңтүстік" индустриялды аймағындағы кәсіпорындар  мемлекеттік табыс салығына 5,3 млрд. теңге көлемінде қаржы түсірген.

Осылайша, "Оңтүстік" индустриялық аймақ кәсіпорындарының салық түсімдерінің есебінен 77,9% бюджет қаражатының орны толтырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу