Оқушылар онлайн оқып жатыр

573

Ақтөбе облысының екі ауданында оқушылар сабақты онлайн оқиды. Бұған – көктемгі су тасқыны себеп. Бұл туралы Ақтөбе облыстың білім басқармасы мәлімдеді.

Оқушылар онлайн оқып жатыр Фото: inbusiness.kz

"Қазіргі таңда  И.Тайманов атындағы гимназияның – 311 оқушысы, И.Құрманов атындағы мектептің  – 76 оқушысы және Қобыланды батыр атындағы орта мектебі ( барлығы – 400 оқушы) жанындағы интернаттың 5 тәрбиеленушісі (Ропповка ауылының тұрғындары), барлығы – 3 мектептен 392 оқушы қашықтан білім алуда. Сонымен қатар Ойыл ауданы Екпетал мектеп-балабақшасының 61 оқушысы бүгіннен бастап онлайн оқуда", - деп хабарлады Ақтөбе облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұргүл Бертілеуова.

Айта кеткен жөн, Ойыл ауданында Жолдыбай көпірін Ойыл өзенінен аққан су шайып, Қобда-Ойыл тас жолында көліктердің жүруіне шектеу енгізілді. Ақтөбе облыстық әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қиыл өзеніндегі дамбаларды бекіту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Кемер селолық округіне қарасты Саралжын ауылында төтенше жағдайлар департаменті мамандары, еріктілер су тасқынына қарсы шараларды күшейтті. Елді мекенді су басу қаупі жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу