Өнеркәсіп өндірісінің индексі 103,5%-ға жетті

512

Жыл басынан бері 15 124,8 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімдері өндірілді. 

Өнеркәсіп өндірісінің индексі 103,5%-ға жетті Фото: gov.kz

Оның ішінде кен өндіру саласында – 7 078,1 млрд.теңгеге (жалпы көлемнен 46,8%), өңдеуде – 6 931,5 млрд. теңгеге (45,8%), деп хабарлайды inbusiness.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Өндірістің өсуі тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда – 2%, өңдеу өнеркәсібінде – 5,1%, сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызметте - 7,4%. 

Өңірлер арасында айтарлықтай өсім Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Абай, Жетісу, Алматы облыстарында және Алматы қаласында белгіленді.

Шикі мұнайды (103,2%), табиғи газды (104,4%), темірді қоспағанда, кендерді (103,2%), өзге де пайдалы қазбаларды (120,6%) өндіру салаларының артуына байланысты 2023 жылғы қаңтар-сәуірде тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда өнеркәсіп өндірісінің индексі 102% құрады.

Өңдеу өнеркәсібінде есепті кезеңде 2022 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда өнеркәсіп өндірісінің индексі 105,1%-ды құрады. Өсім тамақ өнімдерінде – 7,7%, сусындар – 6,9%, мұнайдың өңделген өнімдері – 3,7%, негізгі фармацевтикалық өнімдер мен фармацевтикалық препараттарды өндіру – 3,6%, резеңке және пластмасс бұйымдары – 8,1%, машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдарын өндіруде – 15,8%, машина жасауда 35,9% белгіленді.

Өндіріс көлемінің өсуі республиканың 15 өңірінде тіркелді, төмендеу Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда облыстарында және Астана мен Шымкент қалаларында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу