Оңтүстік Корея мен Франция стратегиялық серіктестік орнатуға шешім қабылдады

262

Макрон Оңтүстік Корея астанасында жүр. 

Оңтүстік Корея мен Франция стратегиялық серіктестік орнатуға шешім қабылдады Фото: vietnam.vn

Оңтүстік Корея мен Франция екіжақты ынтымақтастықтың деңгейін жаһандық стратегиялық серіктестікке дейін көтеруге ниетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Report агенттігіне сілтеме жасап. 

Оңтүстік Корея президенті әкімшілігінің мәлімдемесінде көрсетілгендей, Ли Чжэ Мён мен Франция басшысы Эмманюэль Макрон жұма күні Сеулде өтетін саммит барысында қарым-қатынас деңгейінің көтерілуі туралы ресми жариялайды. Макрон бейсенбі күні Оңтүстік Кореяға екі күндік мемлекеттік сапармен келген болатын. Бұл – Франция президентінің 2015 жылдан бері Корея Республикасына жасаған алғашқы мемлекеттік сапары.

Сапар аясында Макрон Samsung, Naver және Hyundai Motor компанияларының басшыларымен кездеседі. Келіссөздерде Францияның Оңтүстік Кореяға экспортын ұлғайту және кореялық инвестицияларды Францияның өнеркәсіптік және технологиялық салаларына тарту тақырыбы та талқыланады.

Оңтүстік Корея президенті Le Figaro басылымына берген сұхбатында Парижбен стратегиялық ынтымақтастықтың жасанды интеллект пен ядролық энергетика сияқты маңызды салаларды қамтуы тиіс екенін айтқан.

Сеулдің мәліметінше, былтыр Оңтүстік Кореяның Францияға экспорты 6,4 млрд доллар болса, импорт 8,6 млрд долларға жеткен.

Шетелдік басылымның жазуынша, Ли Чжэ Мён мен Макронның 3 сәуірде өткен кездесуінен кейін тараптар арасында үш келісім мен өзара түсіністік туралы 11 меморандумға қол қойылған. Құжаттардың қатарында мәдени технологиялар саласында ынтымақтастық орнату туралы келісім де бар.

Айта кету керек, бұған дейін Макрон мен Такаичи амандасу кезіне танымал анимедегі ишараны көрсеткенін жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу