Батыс Қазақстан облысында 25 жыл бұрын екі адамды атып өлтірді деп айыпталғандарға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Сотпен анықталғандай, 2000 жылғы 13 желтоқсанда кешкі уақытта Орал қаласында күдіктілер Б. мен С. екі адамды басы мен мойнынан тапаншамен атқан. Жәбірленушілер сол жерде тіл тартпай кеткен.
Сотталушының бірі өз кінәсін мойындады.
"Сот Б. мен С.-ны Қылмыстық Кодекстің 99-бабы 2-бөлігінің 1,7 тармақтарымен кінәлі деп танып Б.-ға 19 жыл, ал С.-ға 15 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтеу белгіленді", – деп хабарлады облыстық сот.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.