Оралда 3 жасар бала балабақшада ыстық сорпаға күйіп қалды

345

Полиция бұл дерек бойынша ҚР ҚК 141-бап бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.  

Оралда 3 жасар бала балабақшада ыстық сорпаға күйіп қалды Фото: РИА новости

Оралдағы балабақшалардың бірінде 3 жасар бала ыстық сорпаға күйіп қалды, деп жазады inbusiness.kz mgorod.kz порталына сілтеме жасап.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, жедел жәрдем станциясына шақырту сағат 12:33-те түскен. Тәрбиешілер баланың абайсызда өзіне сорпа төгіп алғанын хабарлады. Қыз бала басы, кеуде тұсы, аяқ-қолының термиялық күйігін алған. Жалпы денесінің 20-25 пайызын күйік шалған. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалап отыр.

Тәртіп сақшылары бұл дерек бойынша ҚР ҚК 141-бап (Балалардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi тиісінше орындамау) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Орал қаласының білім бөлімі өрескел бұзушылықтар жасаған тәрбиеші мен күтуші жұмыстан шығарылатынын, меңгерушінің міндетін атқарушы қатаң сөгіс алатынын хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу