Оралда өрт шыққан мектептің оқушылары қашықтан оқуға жіберілді

417

Мектепте 525 оқушы білім алады.  

Оралда өрт шыққан мектептің оқушылары қашықтан оқуға жіберілді Фото: БҚО ТЖД баспасөз қызметі

Орал қаласында өрт шыққан мектептің оқушылары қашықтан оқуға жіберілді, деп жазады inbusiness.kz "Мой город" порталына сілтеме жасап.

Бұл туралы білім ордасының басшылығы хабарлады.

"Маған түнде мектепте өрт шыққаны туралы хабар келді. Сағат 00:30-да сол жерде болдым. Келтірілген залал мөлшерін әлі айта алмаймыз. Осыған дейін сымдармен байланысты проблемалар болмады, Төтенше жағдай мамандары үнемі келіп, тексеріп отырды. Ғимарат 1992 жылы салынған. Бүгін біздің оқушылар қашықтан оқуға жіберілді, мұғалімдер де үйден жұмыс істеп жатыр. Ертең штаттық режимде оқимыз деп үміттеніп отырмыз. Мектепте бесінші сыныптан бастап он бірінші сыныпқа дейін 525 бала оқиды", - деді №28 мектеп директорының міндетін атқарушы Әлия Дүйсеғалиева.

Еске салайық, осыған дейін газдан уланған мектеп күзетшісінің ауруханаға жатқызылғанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу