Оралда саунадан өрт шықты

404

Бүгінгі таңда өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Оралда саунадан өрт шықты Фото: inbusiness.kz

Оралда қонақ үй кешенінің аумағындағы саунадан өрт шықты. Бұл туралы БҚО ТЖД баспасөз қызметі хабарлады , деп жазады inbusiness.kz. 

"8 қыркүйек сағат 11.27-де Самал-3 шағын ауданындағы Park Hotel мекенжайында өрт шыққаны жөнінде хабарлама түсті. Өрт сөндірушілер Park Hotel аумағында бөлек тұрған сауна ғимаратының ішінде 100 шаршы метр алаңда ішкі қаптаулар және жиһаздың жанып жатқанын анықтады. Тілсіз жау сағат 12.10-да оқшауланып, сағат 12.42-е толық жойылды", - делінген хабарламада.

Өрт сөндіруге 38 адам, 11 бірлік техника жұмылдырылды.

Абырой болғанда ешкім зардап шекпеген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу