Оралда сепаратистік мәлімдемелер туралы іс бойынша екі күдікті қамауға алынды

457

Бұл туралы Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті хабарлады. 

Оралда сепаратистік мәлімдемелер туралы іс бойынша екі күдікті қамауға алынды Фото: sila-rf.ru

Орал қаласының тергеу соты екі тұрғынды қамауға алуға санкция берді. Оларға қатысты Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша қылмыстық істі тергеу аяқталған болатын, деп жазады inbusiness.kz БҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Сот "Р" және "К" атты күдіктілерге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады. Бүгінгі таңда аталған іс бойынша тергеу жұмыстары аяқталды, қылмыстық іс материалдарымен танысу жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Тәртіп сақшылары күдіктілерді қамауға алуға тергеу органдары өтініш білдіріп, қалалық прокуратура өз келісімін бергенін мәлімдеді.

Ақпаратқа сәйкес, бүгінде ер адам мен әйелге қатысты ҚР ҚК-нің екі бабы бойынша айып тағылып отыр. Атап айтқанда, 174-баптың 1-бөлімі "Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру" және 180-баптың 2-бөлімі "Сепаратистік әрекет".

11 ақпан күні чат-рулеткада блогер Пан Васильмен әңгіме барысында Орал қаласының тұрғыны Денис Рудный өз сөзінде Орал Ресейдің алғашқы қаласы екенін, қазақ тілді қазақтарды "мамбеттер" деп, Ресей елімізге шабуыл жасаған жағдайда көршілерді қолдайтынын айтқан. Бұдан басқа блогердің сұрағына әйел адам да жауап берген.

Екі күн өткен соң құқық қорғау органдары екі тұрғынды да ұстап, оларға қатысты  "Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру" бабы бойынша қылмыстық іс тіркеді.

Тәртіп сақшылары күдіктілер ұсталғаннан кейін Орал қаласының тұрғыны Қазақстан халқынан кешірім сұраған видеоны таратты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу