Орталық Қытайда 4000 жылдық тарихы бар сарай табылды

374

Орталық Қытайдың Хэнань провинциясында археологтар 4000 жылдық сарай мен қоймалардың қалдықтарын тапты.

Орталық Қытайда 4000 жылдық тарихы бар сарай табылды Фото: Рамблер

Сарай мен қоймалар біздің дәуірімізге дейінгі 2070-1600 жылдар аралығында Қытайда билік құрған Ся әулетінің дәуіріне жатады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қазба орнында ұзындығы 60 метр және ені 30 метр болатын тығыздалған жердің іргетасы табылды. Археологтардың пікірінше, бұл ежелгі сарай кешенінің бөлігі. Ғимарат Чжоукоу қаласының орталығында көтеріліп, террассалар мен монастырлармен қоршалған.

Жақын жерде археологтар ғимараттар кешенінің бөлігі болуы мүмкін тағы бір қоршалған жер учаскесін тапты.

Сонымен қатар, Чжуцю ғибадатханасының орнында зерттеушілер мұнда жүргізілген құрылыс жұмыстарын көрсететін көптеген жәдігерлерді тапты. Сондай-ақ, астықты сақтауға арналған екі дөңгелек құрылыстың қалдықтары табылды — бұл бәлкім ерте Ся әулеті кезеңінің қоймалары, деп жазады Синьхуа.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу