"Ортамызда сатқындар болмауы тиіс": Министр қызметіне адал емес полицейлер туралы

353

ІІМ бұл мәселедегі ұстанымын ашық айтты.

"Ортамызда сатқындар болмауы тиіс": Министр қызметіне адал емес полицейлер туралы Фото: inbusiness.kz

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Жамбыл облысында ПД бастығы бұрынғы орынбасарының ұсталуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оның сөзінше, өңірде полицейлерді жаппай ұстау деректері болған жоқ. 

"Өкінішке қарай, заңбұзушылықтар орын алды. Жалпы құқықбұзушылықтар, соның ішінде қылмыстар полицейдің жоғары мәртебесіне сай келмейтінін бірнеше рет айттым. Полиция қызметкері халықты қорғауы тиіс, ал бұл жерде сатқындық туралы сөз болып отыр Сатқындармен әңгіме қысқа болады, біздің ұстанымымыз нақты әрі қатаң. Біздің ортамызда сатқындар болмауы тиіс", –  деді министр.

Айта кету керек, бұған дейін Жамбыл облысында полиция басшысының орынбасары қамауға алынғанын жазған едік.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу