Өскеменде қатты тұрмыстық қалдықтарды қабылдайтын пункт ашылды

676

Экопункт автовокзал аймағында орналасқан. 

Өскеменде қатты тұрмыстық қалдықтарды қабылдайтын пункт ашылды Фото: noks.kz

"Таза қала" бағдарламасы аясында Өскеменде екінші экопункт ашылды, деп жазады inbusiness.kz порталға сілтеме жасап.

"Қалада барлығы 10 экопункт ашу жоспарланып отыр. Қазірдің өзінде екеуі жұмыс істеп тұр. Қалғанын шілде айына дейін ашамыз", - деп атап өтті шаһар басшысы Жақсылық Омар.

Оның сөзінше,  қатты тұрмыстық қалдықтарды қабылдайтын пункт желісі – қала үшін маңызды жобалардың бірі.

Абай даңғылындағы экопункт келесі шикізат түрлерін қабылдайды:

  •  ПЭТ-таралар (келісі үшін 50 тг);
  •  алюминий банкалар (келісі үшін 100 тг);
  •  макулатура (келісі үшін 15 тг);
  •  картон (келісі үшін 15 тг).
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу