Өскеменде май зауытынан шыққан өрт толық сөндірілді

329

Өрт аумағы 81 шаршы метрді құрады. 

Өскеменде май зауытынан шыққан өрт толық сөндірілді Фото: Instagram/shygysqaz_tjd

Абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ, деп жазады inbusiness.kz ШҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, 17 қазан күні Примыкание көшесінде орналасқан ЖШС аумағында өрт шыққан. Май сығымдау кешенінің кептіру камерасында 75 тонна болатын күнбағыс дәні өртенген. Өрт сағат 08:28-де толығымен сөндірілді.

"Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ. Өрттің алдын ала болжамы –  технологиялық процестің бұзылуы. Өрт сағат 06.25-те тежелді. Өрт сөндіру бөлімшелері шамамен 3000 тонна дайын өнімді аман алып қалды. Оттың жақын маңдағы өрт қауіпті құрылымдарға таралуына жол берілмеді", - делінген ТЖД таратқан хабарламада.

Тілсіз жауды сөндіруге жеке құрамнан 61 адам мен 15 бірлік техника, "Таза Өскемен" ЖШС-дан 6 адам мен 3 бірлік техника, сондай-ақ "ҚТЖ" ҰК" АҚ өрт сөндіру пойызы жұмылдырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу