Өскемендегі кейбір үйлерде су мен жылу ажыратылады

205

Қаладағы Сәтбаев көшесінде ертең ыстық су мен жылу өшіріледі.

Өскемендегі кейбір үйлерде су мен жылу ажыратылады Фото: Inbusiness.kz

"Өскемен жылу желілері" АҚ таратқан мәліметке сүйенсек, 11 қараша күні сағат 9:00-ден 19:00-ге дейін Сәтбаев даңғылындағы 10 көппәтерлі үйлерде ыстық су мен жылу өшіріледі, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

- Жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде құбырдан ақау шыққан. Сондықтан Сәтбаев даңғылы, 16 мекенжайы маңындағы жол учаскесі 10 қарашада сағат 12:00-ден 13 қараша 17:00-ге дейін жабық болады. Ондағы қазір жалпы ұзындығы 40 метр болатын жылу құбырларын ауыстырып жатыр, - делінген "Өскемен жылу желілері" АҚ хабарламасында.

Altaynews.kz сайтының мәліметінше, бұл жылу желісі 1983 жылы пайдалануға берілген. Сондан бері жөндеу жұмыстары жүргізілмепті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу