Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары, Өскемен қаласының экс-әкімі Жақсылық Омар 6 жылға сотталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты YK-news.kz-ке сілтеме жасап.
3 сәуір күні Өскемен қаласының №2 сотында Жақсылық Омардың ісі бойынша қорытынды сот отырысы өтті. Шенеунікке алаяқтық және пара алу баптары бойынша айып тағылған болатын.
Сот үкімімен Жақсылық Омар кінәлі деп танып, 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтейтін болады. Ол өмір бойына мемлекеттік қызметте, сот жүйесінде, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан айырылды. Сонымен қатар сот шешімі бойынша оның Toyota көлігі тәркіленді.
Қылмыстық іс жеделдетілген тәртіппен қаралған болатын.
Айта кету керек, бұған дейін Жақсылық Омарға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын жазғанбыз. Оған екі бап бойынша айып тағылды.
Сотта шенеунік кінәсін мойындады.