Отандық сыра және шарап өнімдерін БАҚ-та жарнамалауға рұқсат берілуі мүмкін

786

Мәжіліс ақпарат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын қабылдады. 

Отандық сыра және шарап өнімдерін БАҚ-та жарнамалауға рұқсат берілуі мүмкін

Отандық сыра мен шарап өнімдерін бұқаралық ақпарат құралдарында жарнамалауға қайта рұқсат берілуі мүмкін, деп хабарлайды Аtameken Business. Мәжіліс ақпарат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын қабылдады.

Айта кету керек, елімізде 2004 жылдан бері алкоголь өнімдерін БАҚ беттерінде көрсетуге тыйым салынған. Отандық өнімдерге жеңілдік жасау мәселесі соңғы төрт жыл бойы қызу талқыланды. Енді заң жобасы Сенатта қабылданса, газет-журналдар мен телеарналар қосымша табысқа ие болады.

Өз кезегінде жарнама отандық өнімнің ішкі нарықта бәсекелестігін арттырады деп күтілуде. Алайда кейбір шектеулер сақталуы мүмкін.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу