Өте танымал кәсіпкерлердің үлесі бар заңсыз майнинг фермаларының қызметі тоқтатылды

1469

Қаржылық мониторинг агенттігі мемлекеттік органдармен бірлесіп майнинг фермаларының қызметіне кешенді тексерулер жүргізді.

Өте танымал кәсіпкерлердің үлесі бар заңсыз майнинг фермаларының қызметі тоқтатылды

55 майнинг фермасы қызметін өз еркімен тоқтатты, деп хабарлайды inbusiness.kz агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Олар жұмысты толығымен тоқтатты, жабдықты бөлшектерді және оны орналасқан жерінен шығарды. Мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, мұндай жабдықтарды қайта айналымға тартуға жол бермеу бойынша жұмыстар жүргізілуде", – деп жазылған хабарламада.

Айта кетсек, өз қызметтерін тоқтатқан майнингтік компаниялардың қатарында  Павлодар облысында танымал кәсіпкерлер Болат Назарбаев және Александр Клебановпен үлестес фирмалар бар. Сондай-ақ солардың арасында "QazaqGaz" ұлттық компаниясы АҚ-ның Ақтөбе облысындағы бұрынғы басқарма төрағасы Қайрат Шәріпбаев және Қарағанды облысындағы танымал бизнесмендердің бірі Ерлан Нығматуллин болды.

Сонымен қатар 51 майнингтік фермаларының заңсыз қызметінің жолы кесілген. Олар қызметтерінің басталғаны туралы уәкілетті органға хабарламаған немесе техникалық шарттарсыз энергиямен жабдықтау көздеріне заңсыз қосылып, арнайы экономикалық аймақтардың аумағына негізсіз орналастырылған. Сондай-ақ салықтар мен кедендік төлемдерді төлеуден де жалтарған.

"Бүгінгі күні олардың барлығы электрмен жабдықтау көздерінен ажыратылған. Мысалы, Қарағанды облысындағы "Сарыарқа" АЭА (арнайы экономикалық аймақ) аумағында майнингтік ферма заңсыз қызмет атқарды. Бұл АЭА қызметінің басымдылығы жабдықтар өндірісіне, металлургия өнеркәсібі, құрылыс салаларына берілген", – деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ өндірістік қажеттіліктерге арналған электр энергиясын жұмсау, қайта сату фактілері анықталған.

"Павлодар облысында жылыжай шаруашылығымен айналысатын екі компания үшінші тұлғаларға өзінің артық электр энергиясын майнинг үшін лицензиясыз сатты.

Бұдан басқа, заңсыз майнинг қызметін ішкі істер министрлігі департаментінің бұрынғы басшысы Тілеген Маткеновпен байланысты компаниялар жүзеге асырды".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу