Өзбекстанда көлеңкелі экономикадан ЖІӨ-ге келтірілген шығын 10,8 миллиард долларды құрайды

Бұл туралы Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев макроэкономикалық тұрақтылық пен экономикалық өсуді қолдау мәселелеріне арналған кеңесте мәлімдеді. 

Өзбекстанда көлеңкелі экономикадан ЖІӨ-ге келтірілген шығын 10,8 миллиард долларды құрайды  Фото: freepik

Өзбекстанның көлеңкелі экономикадан ішкі жалпы өніміне келтірілген шығын 135 триллион сумды (10,8 миллиард доллар) құраса, мемлекеттік бюджеттің шығыны 30 триллион сумға (2,4 миллиард доллар) дейін бағаланады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Gazeta.uz басылымына сілтеме жасап.

Өзбекстан басшысының баспасөз қызметінің мәліметінше, президент көлеңкелі экономиканы ең өзекті мәселе деп санады. Соның ішінде қызмет көрсету, өнеркәсіп және құрылыс салаларында ондаған триллион сумға арналған өнімдер "көлеңкеде" қалды. Нәтижесінде көлеңкелі экономиканың елдің ЖІӨ-не келтірген шығыны 135 трлн сумға, ал мемлекеттік бюджетке – 30 трлн сумға дейін бағаланады.

Сонымен қатар, Өзбекстан басшысы есептерде құрылыс компанияларының 41%-ы бір ғана жұмысшыны көрсеткен деген мысал келтірді. Бұл компаниялар өткен жылы 4 трлн сумға құрылыс жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, 5 мың фермерлік шаруашылықта 25 гектар және одан да көп жері бар бір қызметкер ресми түрде жұмысқа орналастырылды.

Қазіргі таңда, елде 5 миллионға жуық адам бейресми секторларда жұмыс істейді, ал оларға жалақы төлейтін кәсіпкерлер салық төлемейді.

"Ең алдымен, көлеңкелі экономика адал жұмыс істейтін кәсіпкерлердің қызметіне үлкен кедергі болып табылады. Бүгінде, тәртіпті кәсіпкерлер өздерінің заңды талаптарын жиі айтып, "адал бәсекелестік қайда?" деген сауалды қояды", - деп түсіндірді Шавкат Мирзиеев.

Оның айтуынша, көлеңкелі экономикамен және экономикалық қылмысқа қарсы күреспен айналысатын 14 ведомствоның жұмысына қарамастан, олардың қызметін үйлестіру бойынша мемлекетте бірыңғай жұмыс жүйесі жоқ.

Осыған байланысты, президент Өзбекстан Бас прокуратурасы жанындағы Экономикалық қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілеттіктерін кеңейтуді тапсырды.

Шавкат Мирзиеевтің айтуынша, бұған дейін департамент жұмысы тергеу өкілеттіктерінің жоқтығынан және заңнамадағы заңдық қайшылықтардың көптігінен шектелген. Мысалы, қазір "қолма-қол ақша фирмасы" компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғауға алты айға дейін уақыт кетеді. Бұл елдегі тәртіп бұзушыларға заңсыз әрекеттерін аяқтауға септігін тигізеді.

Айта кету керек, Өзбекстанның бұл департаменті терең талдау, жедел іздестіру және тергеу жүргізетін бөлімге айналады, ал оның басшысы бір мезгілде Бас прокурордың орынбасары қызметін атқаратын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу